«Кәукен Кенжетаев мұрасын бағаламауға негіз жоқ» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Кәукен Кенжетаев мұрасын бағаламауға негіз жоқ»

25.02.2014
«Кәукен Кенжетаев мұрасын бағаламауға негіз жоқ»
 
ҚР Халық әртісі, әнші, белгілі режиссер Кәукен Кенжетаевтың 98 жылдығына орай «Таңшолпанда» қонақта -  театр сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері  Әшірбек Сығай.
 
«Биылғы жыл - ағайынды арыстар Шәкен Айманов пен Кәукен Кенжетаевтың жылы. Қазақтың саф өнерін дамытуға бар ғұмырларын арнаған қос саңлақтың ел үшін жасаған игілікті істерін насихаттау – бүгінгі ұрпақтың парызы», дейді ол.
 
«Кәукен Кенжетаев - кино, театр, әншілік, ұстаздық өнерге алғаш жол салғандардың бірі. Мұндай тұлғаны бағаламауға негіз жоқ. Кәукен еңбектері – келер ұрпақтың зерттеп-зерделейтін мұрасына айналуы тиіс».

Хабарламаларға жазылу