Тайвань аралының арнайы Тайнань муниципалитетінде болған жер қуатты сілкінісінен құрбан болғандар саны 40 адамға жетті, 107 адам із-түссіз жоғалып кеткендер қатарында. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
Тайнань мэрі Уильям Лайдың айтуынша, қазіргі таңда мамандар қирандыларды тазарту үшін ауыр техникаларды да пайдалану жағын қарастыруда.
8-ақпан күні құтқарушылар жер сілкінісінің салдарынан құлаған 17-қабатты үйдің қирандыларының астынан 4 адамды құтқарудың мүмкіндігі туды. Олардың бірі 40 жастағы ер азамат болса, беруі егде тартқан әйел, сонымен қатар, 8 жасар қыз бен оның туысқан апасы бар.
Ақпанның 6-на қараған түні 6,4 магнитудалық жер сілкінісі болды. Аралдың оңтүстік-батысындағы Тайнань муниципалитетінде ондаған құрылыс нысандары қирады. Жерасты дүмпулері Гаосюн қаласы мен Пиндун және Цзяи қалаларында да сезілген. Алайда, онда қандай да бір шығындар байқалған жоқ, деп хабарлады ТАСС агенттігі.