Тайваньда болған жер сілкінісінен қаза болғандар саны 35 адамға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тайваньда болған жер сілкінісінен қаза болғандар саны 35 адамға жетті

08.02.2016
Тайваньда болған жер сілкінісінен қаза болғандар саны 35 адамға жетті

Тайвань аралының арнайы муниципалитеті Тайнаньда болған қуатты жер сілкінісінің құрбандары 35 адамға жетіп, 110 адам із-түссіз жоғалып кеткен. Бұл туралы дүйсенбі күні Сина ақпараттық порталы хабарлады.

Жер сілкінісінің салдарынан Тайнань арнайы муниципалитетіндегі  ондаған құрылыс нысандары бұзылды.  Жерасты дүмпулері Гаосюн мен Пиндун және Цзяи қалаларында да сезілген. Алайда, онда айтарлықтай шығындар байқалған жоқ.  

Осыған дейін ҚХР төрағасы Си Цзиньпин  мсерт болғандардың туған-туыстарына көңіл айтып, аралдың ьилік өкілдеріне материктік Қытайдың табиғат апатының зардаптарын жою ісіне атсалысуға ниетті екендіктерін жеткізген болатын, деп хабарлады ТАСС агенттігі. 

Хабарламаларға жазылу