Қазгидромет: Қаһарлы қыстың аязы алдағы күндері біршама босаңси түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: Қаһарлы қыстың аязы алдағы күндері біршама босаңси түседі

21.01.2016
Қазгидромет: Қаһарлы қыстың аязы алдағы күндері біршама босаңси түседі

Өткен тәуліктерде Қазақстан территориясында айтарлықтай ауа температурасының өзгеруі байқалды. Елдің батысында ауа температурасы 10-12 градусқа климаттық нормадан жоғары болды. Ал, шығыста керісінше 8-12 градусқа төмен болды.

Бұның барлығы да елдің шығыс аймақтарындағы ауа райына арктикалық аязға пара-пар суығымен ерекшеленетін антициклонның ықпалы әсер еткендігімен байланыстықалыптасқан жағдай. Батыс аймақтар болса, оңтүстіктен келетін циклонның ықпалында. Онда жылу да ылғал да мол. Осыған қарай алдағы күндері қыстың нағыз қаһарына енетін мезгілі екендігіне қарамастан, елімізде оңтүстіктің жылымығы басым болады.  

Алдағы тәуліктерде жылы атмосфералық ағымдар шығысқа бет алады.  Осыған қарай, ауа температурасы ды жылына түседі. Дегенмен, жылдамдығы сағатына 15-20 метр болатын, кей жерлерде 25 метрге дейін жететін күшті жел, бұрқасын, қардың қалың түсуі сияқты күрделі метеорологиялық жағдайлар да қалптасуы ықтимал.  

Ал, 21-22 күндері суық ауа райы сақталады. Тек елдің оңтүстік өңірлерінде ғана күннің суытуына қарамастан ауа райы 3-5 градусқа нормадан жоғары болады және қар жаумайды.

Хабарламаларға жазылу