АҚШ әскери кемесі Корей түбегіне жақындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ әскери кемесі Корей түбегіне жақындады

20.10.2017

Америкалық әскери кеме Солтүстік Кореяға өзінің айбынын көрсету үшін Корей түбегі маңында жаттығуды бастады. Маневрлар Оңтүстік Корея әскерилерінің қатысуымен өтіп жатыр.

Ядролық двигателі бар «Рональд Рейган» - АҚШ теңіз күштерінің Азиядағы ең ірі кемесі. Бортында 5 мың матросы бар эсминецтің палубасынан F-18 ұшақтары 90 мәрте аспанға көтерілген.

Солтүстік Корея бұл жаттығуды «соғысқа дайындық» деп атады. Айта кетсек, бұл күндері Сеулде Жапония, АҚШ және Оңтүстік Корея өкілдері бас қосып, Пхеньянға қарсы дипломатиялық тәсілдерді күшейту мәселесін талқылап жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу