Мексиканың солтүстігінде қалың қар түсіп, төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексиканың солтүстігінде қалың қар түсіп, төтенше жағдай жарияланды

30.12.2015
Мексиканың солтүстігінде қалың қар түсіп, төтенше жағдай жарияланды

Мексиканың солтүстігіндегі Сонора штатының азаматтық қорғаныс істері жөніндегі күштері боран мен аязға байланысты метереологиялық дабыл қағып отыр. Жағдай әсіресе штаттың солтүстік және таулы аймақтарында ерекше күрделі. Өйткені онда соңғы 28 жылда болмаған қалың қар түскен.

UEPC басылымының мәліметтерінше, ауа райының бұлайша құбылуына екі атмосфералық ағымдардың кездесуі себеп болып отыр. Сонораның бірқатар әкімшілік аймақтарында жолдар жабылып, Агуа-Приета ауданында Мексика әскерінің бөлімшелері тұрғындарға жылы көрпешелер мен құрғақ тағамдар тарата бастады.

Ауа райының болжамдары бойынша, алдағы күндері Сонора мен Чиуауа қардың тағы түсуі және мұзды жаңбыр жаууы ықтимал. Ал, желдің күші аталмыш аймақтарда сағатына 26 метрге жетеді.  Ел биілігі тұрғындарды жоғары деңгейдегі сақтық шараларын қолдануға шақырып отыр.

Соңғы тәуліктерде АҚШ-та 40-тан астам адам табиғат құбылыстарының құрбанына айналды.  Әсіресе Техас штаты қатты зардап шекті. 26 желтоқсан күні бұл аймақта қатарынан 9 торнадо соқты. Табиғаттың тосын сыйынан 1,4 мың құрылыс нысаны қирады.

Хабарламаларға жазылу