Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.
Облыстық білім беру басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, фестивальге Қазақстан және Ресей қалаларынан келген бишілер қатысқан.
«Қазақстанның спорттық биден 4-ші дүркін чемпионы павлодарлық Анастасия Загорулько мен Қазақстанның спорттық биден 7-ші дүркін чемпионы астаналық Даниил Макаров жұптасып өнер көрсетті. Олар бидің ағылшын мектебін ұсынды. Қазылар алқасы би серіктестерінің шеберлігіне жоғары баға берді. Бағдарламаға «Ча-ча-ча», «Самба», «Румба», «Джайв», «Пасадобль» билері енді», - дейді Білім беру басқармасының маманы Балжан Әділханова.
Турнирдің ұйымдастырушылары - Қазақстанның Ұлттық би кеңесі, Ұлттық би спортының одағы, Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Александра» спорттық би шеберлігінің мектебі.
Айта кетерлігі, Анастасия мен Даниил екі жыл жұп болып билейді. Бұл турнир - бишілердің үшінші халықаралық байқауы. Сондай-ақ олар - «Ken Dala-2015», «Silk Way – 2015г», Халықаралық фестивальдерінің екінші орын иегерлері.