Геннадий Головкин – Сауль Альварес жекпе-жегі 2016 жылдың ең тартысты айқасы болмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин – Сауль Альварес жекпе-жегі 2016 жылдың ең тартысты айқасы болмақ

04.12.2015
Геннадий Головкин – Сауль Альварес жекпе-жегі 2016 жылдың ең тартысты айқасы болмақ

«Сауль Альварес Мигель Коттоны жеңген кезде өзінің мықтылығын дәлелдей алды, бірақ, оның Геннадий Головкинмен айқасуға әзірмін деген сөзіне қарамастан, «Golden Boy» тарапынан бұл айқасты ұйымдастыруға келгенде аздап батылсыздығы байқалды. С.Альварес 7 мамырда айқас алаңына шығуы тиіс, бұл күні Геннадий Головкинмен жекпе-жек ұйымдастырса, керемет болар еді. Сауль Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хоя өзінің басты жұлдызын қорғағысы келетіні де жасырын емес.

Альваресті толыққанды 160 фунтта жұдырықтасқанын көру керемет болар еді. Өзім аралық санат мәселесі бойынша аса алаңдамаймын, алайда   идеалда орташа салмақтағы чемпиондық осы санат бойынша анықталуы тиіс, бұл адамдардың шағымын да азайтар еді. Бокста шағымданатындай жағдайлар онсыз де жетіп асады, - деп жазды Badlefthook.com сайты.

Хабарламаларға жазылу