Геннадий Головкин әлемнің үздік боксшыларының P4P тізімінде көш бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин әлемнің үздік боксшыларының P4P тізімінде көш бастады

15.04.2016
Геннадий Головкин әлемнің үздік боксшыларының P4P тізімінде көш бастады

Әлемге танымал халықаралық «International Business Times басылымы 2016 жылдың алғашқы тоқсанындағы үздік боксшылардың P4P тізімін жариялады. Онда WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин көш бастады.

«Орта салмақтағы Әлем чемпионы әр қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп келеді. Оның соңғысы Давид Лемье болды. Оның 23 сәуірде Доминик Уэйдке қарсы өтетін жекпе-жегі де қиын болмасы анық. Сонымен қатар, егер ол 2016 жылдың екінші жартыжылдығында мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен кездессе, кездесудің фавориті болмақ», - деп жазады басылым.

Ал, бұл тізімнің 2-ші сатысына Роман Гонсалес орналасса, 3-ші орынға Андре Уорд тұрақтады. 

Хабарламаларға жазылу