«Аяулы арман» телехикаясының түсірілімі аяқталды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аяулы арман» телехикаясының түсірілімі аяқталды (ВИДЕО)

17.11.2015
«Аяулы арман» телехикаясының түсірілімі аяқталды (ВИДЕО)

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тапсырысы бойынша түсіріліп жатқан 64 бөлімнен тұратын «Аяулы арман» телехикаясының түсірілімі аяқталды.

Актриса Раушан Ермағамбетова: «Шыны керек, қатты толқып жүрміз. Түсірілім төрт айдан аса уақытқа созылды. Бір-бірімізге әбден бауыр басып кеттік. Бір үйдің баласындай болдық. Алдағы уақытта ұйқысыз өткен күндеріміз ақталады деген үміт бар»,-дейді.

Арнамыздан көрсетілетін телехикаяда Алматыға арман қуып келген жетім жеткіншектердің бастан кешкендері баяндалады.  Әр кейіпкердің өмір жолы өзгеше өріледі. Бірі жетістікке жетсе, енді бірі шалыс басқан қадамына жапа шегеді.

Ата-ананың мейіріміне зарығып өскен жастардың ешкімді бей-жай қалдырмасы анық.

«Көркемфильм» ұжымының ұйымдастыруымен шағын іс-шара өтті. Онда біз жетім балаларды Алматыда қыдыртып, концерт қойып, тамақтандырдық. Ол бір жағынан актерлер үшін жасалған жұмыс. Яғни, біз жетімнің тағдыры қандай болатынын көруіміз керек еді. Өз басым жетім баланың рөлін қаншалықты алып шыққанымды айта алмаймын. Уақыт көрсетер»,-дейді актер Қуаныш Керімқұлов.

Туынды сценаристері өмірдің боямасыз келбетін көрсетуге тырысқан. Фильмде жетімдер үйінің  тәрбиеленушілері тап болатын түрлі жағдайлар қамтылады.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу