«Аяулы арман» телехикаясының түсірілімі шілде айында басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аяулы арман» телехикаясының түсірілімі шілде айында басталады

01.07.2015
«Аяулы арман» телехикаясының түсірілімі шілде айында басталады

Шілде айында «Аяулы арман» атты жаңа телехикаяның түсірілімі басталады. Осыған орай Алматыда телехикаяның түсіріліміне байланысты басты рөлге бекітілген актерлер және «SOS балалар ауылының» тәрбиеленушілерімен кездесу өтті.

Шақырылған актерлер арасында Ербол Семқұлов, Шәріп Серік, Әйгерім Айдар және Раушан Ермағамбетовалар болды. Актерлер үшін бұл кездесудің мақсаты - атмосфераны сезініп, балалар үйінің тәрбиеленушілерінің болмысын ұғыну.

Сонымен қатар, бүгін, 1 шілде күні телехикаяның басталуына орай «тәрелке сындыру» рәсімі өтеді.

Жалпы, телехикая «Жасөспірімдер үйінде» тәрбиеленіп, үлкен өмірге алғаш қадам басқалы отырған балалар үйінің тәрбиеленушілері туралы сыр шертеді.

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша «Көркем фильм» кинокомпаниясы түсіргелі жатқан туынды 64 бөлімнен тұрады.

Теленовелланың ерекшелігі сол, туындыға кезінде балалар үйінде өскен актерлермен қатар, «Жасөспірімдер үйінің» тәрбиеленушілері де қатысады.

Хабарламаларға жазылу