
2005 жылы елімізде классикалық музыка бағытында елеулі оқиға болып, елордада тұңғыш орган залы ашылған болатын. Бүгінде бұл орталық көрерменін түрлі шығармашылық кештермен қуантып келеді.
Мерейтой қарсаңында Астанаға исландиялық дирижер Гудни Эмильсон және италиялық кларнетист Жан-Пьеро Сабрина арнайы келді.
Концерттен бұрын баспасөз конференциясы өтіп, шетелдік өнерпаздар қазақ музыкасындағы ерекшеліктер туралы сөз қозғады.
«Мен қазақ ұлттық аспаптарының үнін есту мүмкіндігіне ие болған жанмын. Домбыра мен қобыздың өзіндік ойналу стилі есімде қалыпты. Әсіресе, қос ішекті домбыраның ырғағы өте керемет»,-дейді дирижер Гудни Эмильсон.
Халықаралық фестиваль аясында ұйымдастырылған концерттің барысы туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.
