Қызылордада «Қорқыт және Ұлы дала сазы» фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада «Қорқыт және Ұлы дала сазы» фестивалі өтті

02.10.2017

Қызылордада «Қорқыт және Ұлы дала сазы» дәстүрлі фольклорлық  өнер фестивалі өтті. Дүбірлі шараға 10 мемлекеттен  музыканттар келді.    Ғылыми-танымдық конференцияда ғалымдар Қорқыт туралы тың деректермен, түбі бір түркі әлемінің әлі зерттелмеген  мұралары   туралы ой қозғады.

Ал, Қорқыт ата кесенесі жанындағы амфитеатрда  өткен гала-концертте өнерпаздар көнеден келе жатқан сазды аспаптардың сарынына құлақ құрышын қандырды.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу