Астанада «Fiestalonia-Қазақстан» халықаралық байқауы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Fiestalonia-Қазақстан» халықаралық байқауы өтеді

04.11.2014
Астанада «Fiestalonia-Қазақстан» халықаралық байқауы өтеді

6-10 қараша аралығында Астана қаласындағы Оқушылар сарайында қала әкімдігі мен Испанияның Қазақстандағы елшілігінің ұйымдастыруымен «Fiestalonia-Қазақстан» халықаралық байқауы өтеді. Шара мақсаты - балалар мен жастар арасында жаңа дарындарды анықтау.

Байқауға халықаралық деңгейдегі хореографиялық ұжымдар, ансамбльдер, шоу-балеттер, би және сән театрлары, аспапты музыка орындаушылары, оркестрлер, хор ұжымдары, балалар хоры, фольклорлық әншілер, поп, джаз, госпель-спириучуэл орындаушылары, во­калдық орындаушылар қатыспақ.

Шара барысында қазылар алқасы мүшелері мен әлемдік деңгейдегі танымал  музыканттар  қатысушылар үшін шеберлік сабақтарын өткізеді.

Үздік ұжымдар мен жекелеген орындаушылар Испания, Италия, Франция елдерінде өнер көрсетуге жолдама беріледі.

«Астана ақшамы»

Cурет: yvision.kz

 

 

Хабарламаларға жазылу