Үндістандық кәсіпкерлер Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Үндістандық кәсіпкерлер Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты

Үндістандық кәсіпкерлер Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты

Бейне қолжетімді емес

Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысу мақсатында Шымкентке Үндістан мемлекетінен бизнес-делегация келді.

Делегация құрамында Халықаралық ірі компаниялардың басшылары мен олардың аймақтарының өкілдері бар. Облыс басшылығымен кездескен үнділік кәсіпкерлер бірлескен жобалар құрып, өңірге инвестиция тарту мәселелерін қарады.

Кездесуде қос тарап агро-индустриалды аймақ, ирригациялық жүйелер құру, жол және тұрғын үй құрылысы, фармацевтика саласындағы жобаларды талқылады. Сапар барысында делегаттар «Оңтүстік» индустриялды аймағының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бөлісу