Атаулы датаға орай театр қызметкерлері жылдың басынан бері қол жеткізген жетістіктер мен болашақ жоспарлары жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен арнайы баспасөз мәслихатын өткізбек.
Баспасөз мәслихатында ұжымның тыныс-тіршілігі жөнінде театр директоры – Сәбит Әбдіқалықов, көркемдік жетекші – Мұрат Ахманов, әдебиет бөлімінің меңгерушісі – Бақыт Беделхан, театр әртістері Роза Әшірбекова, Лидия Кәден, Еркін Әбдірешовтер әңгімелейтін болады.
Айта кетейік, Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры театры биыл дүниежүзілік «Ассиетж» қауымдастығының Қазақстандағы орталығы болып жарияланды.
Құрамына әлемнің 83 мемлекеті кіретін бұл ұйымға Қазақстанның өнер ұжымы 84-ші болып қабылданды.
«Ассиетж» – дүние жүзіндегі балалар мен жасөспірімдер театрларымен біріге жұмыс істеп, ұлттық дәстүрлер бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін алаң. Сондай-ақ, театрдың әртістер тобы жас буын өкілдермен толығуда. «Жаужүрек мың бала» фильмі арқылы дүйім жұртқа етене таныс Асылхан Төлепов пен Аян Өтепбергендерді жаңа маусымда қойылымдардан көретін боласыздар»-делінген тетардың баспасөз қызметі таратқан мәліметтерде.
Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының жаңа маусымының ашылу рәсімі 14-қазан күні сағат 16-30-ға жоспарланған.