Қызылжарда ХХІХ театр фестивалі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылжарда ХХІХ театр фестивалі аяқталды

14.10.2023

Қызылжарда Темірбек Жүргеновтың 125 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған ХХІХ театр фестивалі аяқталды.

Бір апта бойы жалғасқан өнер додасында 10 труппа бақ сынады. Қойылымдарды атақты театр сыншылары бағалады. Жеңімпаздар 9 номинация бойынша марапатталды. Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актерлері қойған «Бернарда Альбаның үйі» - «Үздік спектакль» деп танылды. Ал Биекн Римова атындағы Талдықорған драма театры Т.Жүргенов атындағы арнайы сыйлыққа ие болды. Теріскей жұртына бірегей туындыларын ұсынған театр шеберлері халықты рухани жаңғыртып, он күн бойы тамаша өнер көрсетті дейді көзі қарақты көрермен. Көшпелі театр өнері келер жылы да жалғасын табады.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу