Ғ. Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрында «Ұмытылмас сол бір кез...» атты мерекелік кеш өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғ. Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрында «Ұмытылмас сол бір кез...» атты мерекелік кеш өтеді

11.11.2014
Ғ. Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрында «Ұмытылмас сол бір кез...» атты мерекелік кеш өтеді

Алматыда 16 қараша күні Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық  балалар  мен  жасөспірімдер театры сахнасында Халықаралық студенттер күніне орай  «Ұмытылмас сол бір кез...» мерекелік кеші өтеді.

Кеш барысында театр фойесінде «Актерлердің студенттік шағына саяхат» атты фото-галерея ұйымдастырылып, көрермен арасында «Ең белсенді көрермен» ойыны жүргізіледі. Репертуардағы қойылымнан кейіпкерді ойнату арқылы белсенді көрермен анықталады және арнайы сыйлықтар ұсынылады.

Сондай-ақ, театр актерлері студенттерге әсем әнмен әрленген, поэзиямен өрілген, көркем бимен көңіл көтеретін концерттік бағдарламасын ұсынады.

Хабарламаларға жазылу