АҚШ президентінің сайлауында Джо Байден жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ президентінің сайлауында Джо Байден жеңді

07.11.2020
АҚШ президентінің сайлауында Джо Байден жеңді

Ол твиттер арқылы АҚШ халқына алғыс айтып үлгерді. 

Демократ Джо Байден АҚШ президентінің сайлауында 284 дауыспен алға шықты. Оның қарсыласы Дональд Трамп 214 дауыс жинаған. Президент ретінде сайлану үшін кандидат кемінде 270 дауыс жинау керек еді.  

Байден бірнеше минут бұрын өзінің твиттер аккаунтында жазба қалдырып, Америка халқына алғыс айтқан. 

«Америка, осы ұлы еліміздің көшбасшысы ретінде мені сайлағандарыңыз мен үшін үлкен құрмет. Алдымызда тұрған істер оңай болмайды, бірақ, маған дауыс берді ме, жоқ па, оған қарамастан америкалықтар үшін бірдей президент болуға уәде беремін»,-деп жазған Байден.

Ол сондай-ақ өзі туралы мәліметті «АҚШ-тың жаңа сайланған президенті» деп өзгерткен. 

Айта кетейік, Байден 1987 және 2008 жылдары да президент сайлауына түскен болатын. Бірақ, екі сайлауда да жеңілген. Бірнеше айдан кейін ол 78 жасқа толады. 

АҚШ Сайлау Джо Байден

Хабарламаларға жазылу