Бүгін - Қазақстанның Мемлекеттік Туының авторы Шәкен Ниязбеков дүниеге келген күн (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Қазақстанның Мемлекеттік Туының авторы Шәкен Ниязбеков дүниеге келген күн (ВИДЕО)

12.10.2015
Бүгін - Қазақстанның Мемлекеттік Туының авторы Шәкен Ниязбеков дүниеге келген күн (ВИДЕО)

Теледидарды қашықтықтан басқаратын құрылғы – пультті қазақ ойлап тапқан десе, сенесіз бе? Пультті еліміздің Туының авторы - Шәкен Ниязбеков ойлап тапқан.

Ол суретшілік, қолөнер шебері, өнертапқыш сияқты үлкен қасиетте тоғысқан зор талант иесі.  Ол - тұңғыш «Волга» жеңіл көлігін құрастырған бас инженердің бірі.

Өмірде қарапайым, өнерде талғампаз биік бекзат бітім иесі Шәкен Оңласынұлының бүгін туған күні.

Назарларыңызға Шәкен Ниязбековтің бейнеқорда сақталған сұхбатын ұсынамыз:

«Күн бар, Көк Тәңіріміз бар. Бірақ Қазақстанымыз да керек дедім. Содан баяғыда Марко Полоның  кітабында жазылған пікірі есіме түсті. Онда «Қай қазақтың үйіне кірсем де, әрқайсысы бір-бір қыран ұстап отырады екен», делінген.  Қыран бізге жақын болғанымен, Қазақстан биік аспанға көтеріліп, әлеммен елміз деп санасты. Көп жасайтын, биік ұшатын қыранды бейнелеген себебім – сол. Қазақтың қыран ұстап өскені емес, қазақтың символы ретінде, мемлекеттің символы терінде  бердім».

Хабарламаларға жазылу