Бүгін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

04.06.2015
Бүгін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

1992 жылы 4 маусымда  Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері.

Көгілдір түсті Туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан Елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын жаңа Тәуелсіз Мемлекет бейнесін паш етті.

1992 жылы суретші Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік Ту бекітілді. Егемен Қазақстанның бүгінгі Елтаңбасы екі танымал сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың қыруар еңбегінің жемісі.

1992 жылы шыққан Тұңғыш Қазақстан Әнұран әнінің авторлары - Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамиди. 2006 жылы жаңа Мемлекеттік Әнұран қабылданды.

Өткен ғасырдың елуінші жылдарының екінші жартысында халық арасында кең танымал патриоттық ән «Менің Қазақстаным» жаңа Әнұран негізіне айналды. Қазақстан Республикасы жаңа Мемлекеттік Әнұранның авторлары - Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекеттік рәміздер күні - Қазақстандағы мүлде жаңа мейрам, әйтсе де оны қазақстандықтар асқан патриоттық сезіммен мерекелейді.

Хабарламаларға жазылу