Биылғы жылдың басынан бері 14,7 мыңнан астам азамат әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды

15.09.2015
Биылғы жылдың басынан бері 14,7 мыңнан астам азамат әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды

Ағымдағы жылдың сегіз айында жергілікті жұмыспен қамту органдары әлеуметтік жұмыс орындарына 14 мың 708 азаматты жұмысқа орналастырды.

Олардың көпшілігі – мемлекет тарапынан жұмыспен қамтудың белсенді  шараларына бағытталған тұрғындардың мақсатты топтарының өкілдері.

Сонымен,  әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан адамдардың жалпы санының 46,6 пайызы әйел адамдар, 12 пайызы аз қамтылған отбасының азаматтары, 12,1 пайызы  21 жасқа дейінгі жастар, 7 пайызы мүгедектер, 5 пайызы жасы кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты және көпбалалы ата-аналар.

Аталмыш жұмыс орындарына орналасқан азаматтардың жоғарғы көрсеткіші Павлодар облысында – 1 мың 619 адам, Ақтөбе облысында – 1 мың 527, Оңтүстік және  Шығыс Қазақстан облыстарында сәйкесінше, 1 мың 436 және 1 мың 219 адам екені анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, жергілікті бюджеттің қаржысынан ұйымдастырылатын азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру – жұмыспен қамту шараларының бірі болып табылады.

 

Хабарламаларға жазылу