Ақтөбеде 298 мүмкіндігі шектеулі адам жұмысқа орналасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде 298 мүмкіндігі шектеулі адам жұмысқа орналасты

21.10.2014
Ақтөбеде 298 мүмкіндігі шектеулі адам жұмысқа орналасты

Жыл басынан бері жұмыспен қамту органдарына 298 мүмкіндігі шектеулі жан келіп, олардың барлығы әр түрлі әлеуметтік қолдау түрлерімен қамтамасыз етілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

209 адам квотамен жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмысқа орналастыру мақсатында, жыл басынан бері 4 арнайы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

21 мекемеден 100-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылды, сонымен қатар жеке жұмыспен қамту агенттіктері шақырылған.

Хабарламаларға жазылу