Елордада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіледі

21.07.2015
Елордада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіледі

Осы жылдың 24 шілдесінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен Ш. Айманов, 6 (С. Сейфуллин көшесінің қиылысы) мекенжайындағы «Тұран-Профи» академиясының ғимаратында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеде 25 жұмыс беруші 500-ден астам бос жұмыс орнын ұсынады. Мақсаты - жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде Жұмыспен қамту орталығының мамандары «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша кеңес береді, жастар практикасына қатысу, әлеуметтік жұмыс орындарына және ақылы қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтылады.

Айта кетейік, Астана қаласында 2015 жылдың І жартыжылдығында 9 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды, 2300 адам жұмысқа орналастырылды.

Хабарламаларға жазылу