Астанада жыл басынан бері 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

06.08.2015
Астанада жыл басынан бері 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

Астана қаласында ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдайға сәйкес 10 530 жаңа жұмыс орны ашылған.

Оның ішінде өнеркәсіп саласында - 827, сауда - 2 418, көлік және байланыс саласында -  679, білім және денсаулық сақтау саласында - 1 741, құрылыс және коммуналдық шаруашылығы саласында - 1 678 орын ашылса, 3 187 жұмыс орны басқа да қызмет салаларында құрылған.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығымен 3 252 адам жұмысқа орналастырылды.

Жастар тәжірибесінен өтуге 325 түлек және жаңа мамандық меңгеру мақсатында 400 адам қайта даярлауға бағытталды.

Сондай-ақ, 104 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды, деп хабарлайлы қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу