«Біз кеншілер әулетіміз. Екі қызым, екі ұлым, екі күйеубалам және өзім кенші болып, қызмет етеміз. Ең алғаш отбасымызға ұсыныс түскенде, қатты қуандық. Алдымен, қалалық байқаудан топ жарып, республикалық жарысқа шықтық.
«Мерейлі отбасы» – Елбасының жолға қойған үздік жобасы. Соңымыздан ерген ұрпаққа өнеге. Конкурсқа қатысқан отбасылардың барлығы өнегелі»,-дейді Ришат Бабайұлы.
«Байқауға қуана-қуана қатыстық. Жиырма жылдан аса өзімді балаларыма арнап, олар қайда болса, мен сонда жүріп, тек бала тәрбиесімен ғана айналысып келемін»,-дейді әулеттің отанасы Қарашаш Үкібайқызы.
Өлең жазатын өнері бар Қарашаш Үкібайқызы таңғы бағдарламада конкурсқа арнап жазған әулетін таныстыру өлеңін оқып берді.