«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды (толығырақ)

19.09.2014
«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды (толығырақ)

Еліміздің 16 өңірінен қатысқан 16 отбасының ішінен 8 балалы, 33 немере, 15 шөбересі бар Бимағамбетовтер әулеті жеңімпаз атанды.

Сайыста Оңтүстік Қазақстан облысының намысын қорғаған Бимағамбетовтердің өнегелі өмірі кім-кімге де үлгі боларлықтай. Бүгін оларға Елбасы өз қолымен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының лауреаты деген атақты және Қазақстанда жасалған «Газель» автокөлігінің кілтін тапсырды.

Елімізде 2015-2020 жылдар аралығын қамтитын жалпыұлттық шаралар жоспары жасалады. Мемлекет жетімдерді де, күтімсіз отырған қарттарды да заң жүзінде қорғауды күшейтпек. 

«Аналар үйін» ашпақ. Мұның барлығы – болашағымызға деген қамқорлық.

Жайнагүл ТӨЛЕМІС

 

Хабарламаларға жазылу