Өнегелі жанұя - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өнегелі жанұя

02.10.2014
Өнегелі жанұя

«Мерейлі отбасы» байқауы жанұяның жарасымды тірлігін насихаттауға арналған тәрбиелік мәні зор шара болды, - дейді батысқазақстандық Сәндібековтар отбасы. Елге оралған соң өнегелі де өнерлі әулет байқаудан алған әсерлерін көпшілікке жеткізіп, отбасының береке-бірлігін нығайту жөніндегі ойларымен бөлісуде.

Елбасымен дидарласып, бас қаладан оралғалы Сәндібековтар сан түрлі кездесудің құрметті қонағына айналды. Облыс, аудан басшылығы ізгі ілтипаттарын жеткізіп жатса, ауылдастары Астанадағы алқалы жиында айтылған аталы сөздерден құлағдар болуда. «Елорда төрінде өткен өнегелі шараға қатысу біздің өміріміздегі ең жарқын сәт»,- дейді  жанұя мүшелері.

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу