Кредиттік карталар – өте жұқа болғандықтан, оларды үстелдің үстінен немесе әмияннан алу қиынға соғады.
Оңтүстіккореялық жас дизайнер Ли Уенкей қолдануға ыңғайлы кредиттік карта үлгісін жасады. Ол картаның екі жағына кішкентай «түйін» ғана қосқан.
Дизайнер мұндай кредиттік карталарды шығаруға көп уақыт кетпейтінін айтады. Тек инвестор тауып, банкомат жасаушы компаниялармен келісуі керек.