Депутат SIM-карта сатуға шектеу қоюды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат SIM-карта сатуға шектеу қоюды ұсынды

04.03.2024

SIM-карта сатуға шектеу қою керек. Депутат Жарқынбек Амантай осындай ұсыныс айтты. Оның пікірінше, бұл интернет алаяқтықпен күресуге септігін тигізуі мүмкін. Себебі, қазір SIM-картаны кез келген дүкенде, бір кісіге шексіз әрі көп сатуға болады. Кейбір елдердің тәжірибесін қарасақ, оны тек байланыс операторының филиалынан сатып алуға рұқсат бар. Жекелеген дүкендер мұны сата бермейді деді. Бұған министрлік өкілдері не дейді?

Жарқынбек Амантай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бір кісіге кем дегенде 2-3 SIM-картадан артық берілмесе. Павлодар облысы ПД қызметкерлері бұл үлкен көмек болады деп отыр. Осы мәселені заң жүзінде қарастыруға бола ма?

Руслан Әбдіқалықов,  ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы:

Біз SIM-карта санын шектеуді емес, оны сәйкестендіруді ұсынып отырмыз. Себебі шектеу енгізілсе, оны біреуге қайта сататын адамдар пайда болуы мүмкін. Бізде адамдардың «іскер» екенін білесіздер. Сондықтан мемлекет тарапынан қажетсіз шектеу туғызбас үшін біз адам санын анықтап, содан кейін ғана SIM активация жасауды ұсынамын. Қазір мұндай ұсыныс қарастырылып жатыр.


Хабарламаларға жазылу