Ат спорты. Жанетт Боуман – 9-шы орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ат спорты. Жанетт Боуман – 9-шы орында

23.09.2014
Ат спорты. Жанетт Боуман – 9-шы орында

Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында ат спорты бойынша ат үйрету сыны аяқталды.

«Алтын» мен «күміс» оңтүстіккореялық споршыларға - Донгсьён Кимге (тұлпары Файналли) және Юнгшик Хванға (тұлпары Фурстойберг) бұйырды. Қола медальді индонезиялық Ларасати Ирис Ришка Гадинг (тұлпары Валленштайн) ұтып алды.

Ал, қазақстандық Жанетт Боуман (тұлпары V-Power) 9-шы орынды місе тұтты.

 

Фото: www.themalaymailonline.com

Хабарламаларға жазылу