Досжан Қартықов Жазғы Олимпиадаға жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Досжан Қартықов Жазғы Олимпиадаға жолдама алды

08.09.2015
Досжан Қартықов Жазғы Олимпиадаға жолдама алды

Қазақстан үшін Жазғы Олимпиада ойындарына алғашқы жолдаманы палуан Досжан Қартықов алды. Лас-Вегаста өтіп жатқан грек-рим және еркін күрес бойынша чемпионатта жерлесіміз жақсы нәтиже көрсетті.

Ол 75 келі салмақ дәрежесінде украиндық Дмитрий Пышковты, кейін Молдова өкілі Игорь Бислягты жеңді. Және Әлем чемпионы мен Олимпиада ойындарының жеңімпазы оңтүстіккореялық Хенву Кимнен басым түсті. Еске сала кетейік, Жазғы Олимпиада ойындары 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтеді. 

Гүлзия СЕЙІТОВА

 

                         

Хабарламаларға жазылу