Грек-рим күресі. Досжан Қартықов – қола жүлдегер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грек-рим күресі. Досжан Қартықов – қола жүлдегер

01.10.2014
Грек-рим күресі. Досжан Қартықов – қола жүлдегер

Инчхонда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында грек-рим күресінен шешуші белдесулер басталды.

Қазақстандық палуан Досжан Қартықов 75 келіге дейін салмақта Азиаданың қола жүлдегері атанды. Ол үшінші орын үшін тартыста қырғыз палуаны Самат Ширдаковтан айласын асырды.

Айта кетейік, Досжан  жартылай финалға дейін қарсыластарын ұтқан еді. Тек оны бозкілем иесі Ким финалға жібермеді.

Хабарламаларға жазылу