Бокстан лицензиялық турнир: Олжас Сәттібаев Рио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан лицензиялық турнир: Олжас Сәттібаев Рио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды (ВИДЕО)

01.04.2016
Бокстан лицензиялық турнир: Олжас Сәттібаев Рио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды (ВИДЕО)

Қытайда бокстан өтіп жатқан Азия және Мұхит аймағы бойынша Олимпиада ойындарының лицензиялық турнирінің үшінші орын үшін өткен бәсекесінде  52 келідегі Олжас Сәттібаев қырғыз боксшы Азат Үсенәлиевті ұтып, Рио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

Сондай-ақ, бүгін 56 келідегі Қайрат Ералиевте үшінші орын үшін өткен жекпе-жекте жеңіске жетіп, Рио Олимпиадасына лицензия ұтып алған еді.

Айта кетейік, кеше 64 келіде Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде Жәнібек Әлімханұлы, 81 келіде Әділбек Ниязымбетов, +91 келіде Иван Дычко және қыздар арасынан 75 келідегі Дариға Шәкімова Рио Олимпиадасына жолдама алды.

Хабарламаларға жазылу