Аталмыш сапарды «Даму» қоры мен Индустриялды-академиялық ынтымақтастық қоры (ИАЫҚ) Оңтүстік Кореяның Кеймюнг университетімен бірлесіп, ұйымдастыруда.
Бизнес-миссияның басты мақсаты - бірлескен кәсіпорындар мен сауда бағыттарын құру үшін қазақстандық кәсіпкерлерді Оңтүстік Кореяның 7 инновациялық компаниясының технологияларымен таныстыру.
Шара аясында кореялық компаниялар көпшілікке өздерінің өнімдерін ұсынадые Егер оған еліміздің кәсіпкерлері тарапынан қызығушылық туған жағдайда сол жерде жеке кездесулер ұйымдастырылады, деп хабарлайды «Даму» қорының баспасөз қызметі.
ИАЫҚ-ның қызметі университеттер, индустрия, институттар мен мемлекет сияқты 4 тараптың ынтымақтастығын ұйымдастыруды көздейді.
Бүгінгі таңда ИАЫҚ экономиканың түрлі салалары бойынша 800-ден астам кәсіпорындармен бірлесіп әрекет етуде. Оның аясында шағын және орта бизнесті қолдау орталығы, жаңа бизнес-идеяларды қолдау және медицина орталықтары жұмыс істейді.
Аталмыш шара «Даму» қорында 19 тамызда сағат 10-00-ден 17-00-ге дейін өтеді.