Ойын Станимир Стойлов шәкірттері үшін нашар басталды. Себебі «ХИК» ойыншылары 4 минутта-ақ нәтижеге жетті. Финляндиялық команданың шабуылшысы Джаллоу Ненад Эрич қақпасына алғашқы гол соқты. Ал, матчтың 42 минутында Гидеон Баах есепті еселеп, қонақтарды алға шығарды.
Алайда 1-ші тайм аяқталар сәтте «Астана» сапынан Патрик Твумаси бір гол соғып, есепті 1:2-ге жеткізді.
Осыдан кейін елордалық клубтың ойыншысы Джуниор Кабананга Бранко Иличтің орнына шықты. Бұл шабуылдарға жаңа серпін берді. Осының арқасында Тапио Хейккиля айып алаңында қолмен ойнап, «ХИК» қақпасына пенальти берілді. 11 метрден мүлт кетпеген Рохер Каньяс матчтағы есепті 2:2-ге жеткізді.
Ал, 56-шы минутта «Астана» ойында алға шықты. Гол авторы - Дмитрий Шомко. Матчтың 71-ші минутында «Астана» ойыншысы Патрик Твумаси қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Осыдан кейін 86-шы минутта «ХИК» сапынан Зенели 11 метрлік айып добынан гол соғып, есепті 3:3-ке теңестірді.
Тек ойынның қосымша уақытында ғана «Астана» қорғаушысы Евгений Постников жеңіс голын соғып, есепті 4:3-ке жеткізді.
Енді қазақстандық команда Чемпиондар Лигасының плей-офф раундына шықты. Сонымен қатар, «Астана» клубы Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.
Ойынның толық тұсқасын «KAZsport» телеарнасы сайтының мұрағатынан мына сілтеме арқылы көре аласыздар.