Айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды

08.07.2015
Айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды

Біздің анықтама:

Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік университетін қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі мамандығы бойынша 1997 жылы тәмамдап, университеттің магистратурасын 1999 жылы, ал аспирантурасын 2002 жылы бітірген.

1988 жылдан облыстық, аймақтық, республикалық, халықаралық айтыстарға қатысып келеді. Жамбылдың 150 жылдығына арналған халықараралық айтыстың, Қабанбай батырдың 300 жылдығына арналған республикалық айтыстың, Ташкент және Түркістан қалаларында өткен Түркістанның 1500 жылдығына арналған халықараралық айтыстардың, Республикалық «Ұлытау үні» фестивалінің, 2004 жылы өткен республикалық Наурыз айтысының, Н.Оңдасыновтың 100 жылдығына арналған республикалық айтыстың бас жүлдегері.

«Қазақстанның тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалінің иегері, Отырар ауданының құрметті азаматы, облыстың 2004 жылғы ең үздік ақыны. Дүниежүзілік жас түрік жазушылары одағының Қазақстандағы өкілі. «Нұр Отан» партиясы бюросының саяси мүшесі.

Әр жылдары қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, Түркістан қалалық дарынды балаларға арналаған «Өнер» мектебінің директоры, Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы, халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы, 2015 жылдан бері Шымкент қаласындағы облыстық «Әдеп-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

 

kz.otyrar.kz

Хабарламаларға жазылу