Басты Жаңалықтар Алматыда күн күрт суытады

Алматыда күн күрт суытады

Алматыда күні бойы толассыз жаңбыр жауып тұр. Синоптиктердің болжамынша, арты қарға айналып, күн күрт суытуы мүмкін. Ауа температурасы түнде минус 5 градусқа дейін төмендейді. Қалалық Полиция мен төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға барынша сақ болуды ескертеді. Әсіресе көлік жүргізушілеріне қысқы дөңгелектерін дер кезінде ауыстыруға, жолда абай болуға шақырады. Жаяу жүргіншілерге де сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.


Бөлісу