Басты Жаңалықтар Сарапшы: Жеке меншік сектор мен жасыл экономика – Қазақстанның жаңа бағыты

Сарапшы: Жеке меншік сектор мен жасыл экономика – Қазақстанның жаңа бағыты

Қазақстан жасыл экономикаға бет бұрып отыр. Халықаралық валюта қоры осы көшуге қалай қолдау көрсете алады?
Джихад Азур, ХВҚ-ның Таяу Шығыс және Орталық Азия департаментінің директоры:

Халықаралық Валюта Қорымен Қазақстан бірнеше жылдан бері серіктес. Сондай-ақ, Алматыда Кавказ, Орта Азия және Моңғолия аймақтары үшін арнап ашылған өңірлік институт бар. Жасыл экономикаға көшуге келсек, Халықаралық Валюта Қоры өзінің серіктестеріне көмектесуге дайын. Мен ұсынатын үш жол бар. Біріншісі – саясат, өйткені өтпелі кезеңнің басында жасыл экономиканы дамытуға мүмкіндік беретін өтпелі кезеңнің дұрыс саясаты болуы керек. Қордың әртүрлі даму деңгейіндегі 191 елмен қарым-қатынасынан туындайтын тәжірибесі бар, сондықтан қор Қазақстанға дұрыс саясатты әзірлеуге көмектесу үшін осы тәжірибені ұсына алады. Екіншісі – реформаларды ойластырып, оларды іске асыруға көмектесу. Біз сондай көмекті «техникалық көмек» деп атаймыз. Ол Үкімет пен билікке дұрыс реформаларды жүзеге асыруға, Қазақстанның ең жақсы техникалық білімінің пайдасын көруіне көмектеседі. Үшіншісі – аймақ арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Жасыл экономикаға және климаттың өзгеруіне бейімделуге инвестиция салуда өзара диалог болғанын қажет етеді. Соған байланысты Халықаралық Валюта қорының Кавказ, Орта Азия және Моңғолия аймақтары үшін арнап ашылған өңірлік орталығымыз осындай диалогқа мүмкіндік беретін платформа екенін ескерткім келеді.
Джихад Азур, ХВҚ-ның Таяу Шығыс және Орталық Азия департаментінің директоры:
Қазақстан қазірдің өзінде реформаларды ерте бастаған мемлекет.

Мұнай-газ секторынан тыс әр түрлі бизнестерді дамыта бастады. Және оны әрі қарай ұлғайтатын да елдің әлеуеті бар. Ол үшін жеке меншік секторды ілгерілету қажет. Өйткені, жеке меншік сектор мұнай-газ секторынан тыс қызмет атқарады. Сондай-ақ, бизнес ортаны жақсарту, транзакция құнын төмендету, жекеменшік сектор үшін ең жақсы платформаны қамтамасыз ету де - ең басты нәрсе. Мемлекеттік сектордың жеке сектормен бәсекеге түспеуін қадағалау қажет. Мемлекеттік кәсіпорындарды реформалау сондай әрекеттің мысалы. Жекеменшік сектор жұмыс істейтін салаларды кеңейтіп, мемлекет қамқоршы болатын бизнес ортаны қалыптастыру өте маңызды. Үшіншіден, Шығыс пен батыс арасындағы сауда үшін мүмкіндіктер тудыратын, сонымен қатар кеңірек аймақтық интеграция үшін мүмкіндіктер жасайтын жаңа орта пайда болды. Осы ретте Қазақстан үшін экономика, технологиялармен, қаржы секторлары жаңа мүмкіндік тұғызады. Сондықтан жаңа технологияны қабылдау оны дамыту мүмкіндігін арттыру керек.

Бөлісу