Басты Жаңалықтар Қарағандыда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

Қарағандыда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

Қарағандыда «Халық заңгері» акциясы өтті. «Заң және тәртіп» жобасы аясында ұйымдастырылған жиын тұрғындардың құқықтық мәселелерде сауаттылығын арттыруға бағытталған. Шараға танымал адвокаттар, нотариустар және әділет департаментінің мамандары тұрғындарға тегін кеңесін ұсынып, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, еңбек, отбасы мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсетті.
Данияр Байдильдин, облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары:

Барлық сұрақтарды осы жерден шешуге тырысамыз. Егер осы жерде шешілуі мүмкін болмаса, біз ол сұрақты бақылауға алып, әрі қарай жұмысқа аламыз. Тиісті мемлекеттік орган сол сұрақты шешімін өз құзіретінде жұмсықа алады.
Жамантай Ысқақов, қала тұрғыны:
Жер мәселесі қалай жүріп жатыр, оның үстіне ауылдық жерлерде қожа шаруашылықтары қазір дамып келе жатыр. Олардың жер мәселесі таршылық көріп жатқан қожалықтар бар. Біріншіден, сол жер мәселесін қалай ұлғайту керек. Сол туралы мен сұрақ қойдым. Соған жауап алдым.

Бөлісу