Басты Жаңалықтар Биыл 26 млн тонна астық бастырылды

Биыл 26 млн тонна астық бастырылды

Елімізде егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Диқандардың еңбегі ақталды. Бүгінгі таңда егістік алқаптарының 98%-ы орылып, жалпы 26 млн тоннадан астам астық бастырылған. Орташа өнімділік гектарына 16,8 центнер. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов айтты. Биыл ауа райы қолайлы болып, дән себу жұмыстары жылдағыдан ерте басталған. Ел тарихында алғаш рет бұршақты дақылдар 1 миллион тоннадан асып, майлы дақылдар көлемі 4 миллион тоннаға жетті. Шаруаларға көрсетілген мемлекеттік қолдау көлемі де айтарлықтай артқан. Көктемгі егіс пен күзгі жиын-терінге 700 млрд теңге бөлініпті. Келесі жылғы дала жұмыстарына ерте қаржыландыру тетігі 1 қазаннан бастап іске қосылды. Тұқым қорының 90 пайыздан астамы дайын, ал астық сақтау орындарының жалпы сыйымдылығы 30 миллион тоннадан асады.

Назгүл Хатепова, Ауыл шаруашылығы министрлігі егіншілік департаментінің директоры:
Жеңілдетілген лизинг бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Былтыр 125 млрд бөлінген болса, биыл 250 млрд теңге бөлінді. Яғни, қаржыландыру екі есе көбейді лизинг бағдарламасы бойынша. Барлық мемлекеттік қолдау шаралары сақталып тұр. Яғни, тұқымға болсын, минералды тыңайтқыштар, өсімдік шаруаларына, техникаға барлық субсиядиялар шаруаларға беріп жатыр.


Бөлісу