Республика күніне орай 2 мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылады
Республика күніне орай еліміздің барлық өңірінде 2 мыңға
жуық іс-шара ұйымдастырылады. Астананың өзінде 150-ге жуық мәдени-бұқаралық,
білім беру, спорттық және әлеуметтік шаралар өткізу жоспарланған. Жамбыл облыстық филармониясында «Қазақстан
– құтты мекенім!» атты концерттік бағдарлама, Маңғыстау облысында тұрғындар мен
қонақтарға арналған мерекелік кеш ұйымдастырылмақ.
Қызылорда облысында түйе сүтінен
құрғақ ұнтақ өндіретін зауыт іске қосылады. Одан бөлек ауылды жерлерде спорт
клубы, медициналық пункт, мәдени-ойын-сауық ғимараты ашылады. Мереке күндері әлеуметтік
желілерде «Менің Республикам – менің таңдауым!» атты онлайн-челлендж өтеді.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29