Блогерлердің лотерея өткізуі қылмыстық санатқа ауыстырылады
Блогерлердің лотерея өткізуі әкімшілік істен қылмыстық санатқа ауыстырылады. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Сенатта айтты. Өзекті мәселе жуырда Үкімет пен Парламенттің қарауына шығарылмақ. Бүгінде елімізде әлеуметтік желілер арқылы әр түрлі ұтыстар ұйымдастыру кең тараған. Алайда кейбір азаматтардың жүлде ойнату сайыстары – елді алдау. Олар лотереяны заңға сәйкес жүргізбей, көзбояушылықпен айналысып жүр. Сондықтан құқық қорғау органдары қауіпті тенденциямен күресуді күшейту қажет, - дейді.
Жеңіс Елемесов, Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары:
Бұл мәселе бойынша қазір басқа органдардан ұсыныс жиналып жатыр. Содан кейін Үкіметтің қарауына және Мәжіліске шығарамыз. Қаржы пирамидаларына жарнама жасағанға қылмыстық жауапкершілік енгіздік. Бұл жерде де сондай қылмыстық жауапкершілік қарастырып жатырмыз.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29