БҚО-да күштік құрылым қызметкерлері арасында турнир өтті
Оралда Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай күштік құрылым қызметкерлері арасында облыстық турнир өтіп жатыр.
Білекті, епті, жүректі жігіттер қоян-қолтық ұрыс, гір тасын көтеру, қол күресі спортынан бақ сынады. Турнирге төтенше жағдайлар, полиция, ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттері мен шекара қызметі, әскери бөлімдерден 8 топ қатысып жатыр. Спортты серік еткен қызметкерлер әр сайыста шеберлігі мен біліктілігін көрсетіп, барын салуда. Бүгінде азаматтық қорғау органдарында мыңдаған адам қызмет етеді. Соңғы жылдары құтқарушылардың жалақысы көтеріліп, тұрғын үй мәселесі шешіліп келеді. Сала бөлімдері арнайы құрал-жабдық, қызметтік көліктермен де қамтылды.
Жанболат Жаншин, облыстық ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы:
Өте жақсы деңгейде өтіп жатыр біздің бүгінгі мерекеміз. Біздің қызметкерлердің ең бірінші, алдыңғы міндеті – халықтың тыныштығын қорғау, төтенше жағдайларды болдырмау. Болған жағдайда халыққа көмектесу. Одан бөлек қазір біздің мереке болғандықтан, осындай турнир ұйымдастырып, қызметкерлеріміздің демалуына да, имиджін көтеру үшін де жасап жатқан шарамыз осы 30 жылдыққа.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29