Ресейде көмір өнеркәсібі дағдарысы тіркелді
Ресейде көмір компаниялары жабылуда. Мамандар көмір өнеркәсібі 1990-жылдардағыдан да терең дағдарысқа ұшырағанын айтады. Биылғы жеті айда көмір компанияларының жалпы шығыны 225 миллиард рубльге жетті, мұның өзі былтырғымен салыстырғанда екі есе көп. Күздің басында 23 кәсіпорын біржола немесе уақытша жабылды, бұл көмір компанияларының 13 пайызы. Өндірісті тоқтату қаупі бар тағы 53 шахта бар.
Цецен Горяев, кәсіпорын директоры:
Санкциялық шаралар бізге бірден әсер ете қойған жоқ. Алайда жобаларды жүзеге асыру барысында қиындықтарға тап болдық. Логистика бұзылып, тасымал жағы қиындап кетті, сондықтан жүк айналымы төмендеді. Инвестициялық ахуал да нашар.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29