Бельгияда ереуілшілер мен полиция қызметкерлері қақтығысты
Бельгия астанасы Брюссельде бейбіт түрде басталған жалпыхалықтық шеру тәртіпсіздікке ұласты. Бетперде киген ереуілшілер полиция қызметкерлеріне жарылғыш заттар, жұмыртқа лақтырып, үкіметтік ғимараттардың терезелерін сындырды. Тәртіп сақшылары оларға қарсы үлкен қысыммен жіберілетін су мен көз жасаурататын газды қолдануға мәжбүр болды. Қоғамдық тәртіпті бұзып, мемлекеттің мүлкін қиратқан оншақты адам құрықталған. Еске салсақ, бүгін Брюссельде үкіметтің қатаң үнемдеу шараларына қарсы ұйымдастырылған наразылық акциясына 140 мыңнан астам адам қатысты.
Филипп Ван Гойе, кәсіподақ ұйымының өкілі:
Егер сен зейнетке 67-де емес, ерте 62 жаста шығатын болсаң, онда зейнетақыңның 25 пайызын жоғалтасың, үкімет ерте шыққаның үшін қысқартып тастамақ. Сұмдық қой. Үнемдегісі келсе, байларға салықты көбейтсін.
Фредерик Кильсор, әлеуметтік қызметкер:
Мен сияқты түнгі ауыссымен жұмыс істейтіндердің сыйақысын, жалақысын кесеміз дейді. Үкімет жаңа туған баладан, қарияға дейін бәріне тиесілі ақшаны бермеудің түрлі амалын жасауда.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29