Қырғызстан өлім жазасын қайта енгізуі мүмкін
Қырғызстан өлім жазасын қайта енгізуі мүмкін. Құжат қоғамдық талқылауға ұсынылды. Жоба Қырғыз елінің бірыңғай порталында ресми жарияланған. 28 қазанға дейін халық пікірін білдіре алады. Қазір пікір білдірушілердің бір легі қарсы болса, бірі қолдап жатыр. Заң жобасында балалар мен әйелдердің өмірі мен денсаулығын қылмыстық шабуылдардан қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты мақсат ретінде көрсетілген. Мұндай бастама Ыстықкөл облысында 17 жастағы бойжеткеннің өлімінен кейін көтерілді. Қылмыс қырғыз қоғамында резонанс туғызып, әйелдердің қорғансыздығы туралы пікірталас болды. Еске салайық, Қырғызстанда соңғы рет өлім жазасы 1998 жылы орындалған.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29