Пәкістан мен Ауғанстан шекарасы әлі жабық
Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы «Чаман» шекара өткелі үшінші күн қатарынан жабық тұр. Бұған екі ел арасында сенбіде басталған әскери қақтығыс себеп. Тараптар атыс үшін бір-бірін айыптап отыр. «Талибан» үкіметіне сенсек, Пәкістан армиясы бейсенбіде базарды бомбалаған. Ресми Исламабад болса, ауған жағынан себепсіз жауған оққа жауап қайтарғанын мәлімдеді.
Екі жақтан да қаза тапқандар бар. Пәкістан 200-ден астам тәліпті өлтіргенін, ал Ауғанстан 58-ден астам пәкістандық сарбаздың көзін жойғанын хабарлады. Пәкістан «Техрик-е Талибан Пәкістан» тобының ар жағында Ауғанстан тұр деп есептейді. Алайда Кабул бұл ақпаратты жоққа шығарып келеді.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29