«ХАМАС» кепілдегілерді босата бастады
«Хамас» екі жыл бұрын кепілге алынған израильдіктерді босата бастады. Қарулы топ Қызыл крест
өкілдеріне 7 адамды тапсырған. Олар Израиль аумағына жетті. Мұның алдында «Хамас» кепілден босатылатын 20 израильдіктің тізімін жариялады. Израиль де бүгін
түрмелерден 1966 палестиналық тұтқынды шығарады. «Рейтер» олар абақтыдан
шығып, автобусқа мінгені туралы хабарлады. Екі жақтан да тұрғындар тұтқындар мен
кепілдегілердің азат етілуін топ боп күтіп тұр. Тұтқын алмасу президент Дональд
Трамптың бейбіт жоспарына сай жүзеге асып жатыр. Бүгін Мысырдың Шарм əл
Шейх қаласында Газадағы соғысты тоқтатуға бағытталған халықаралық «Бейбітшілік
саммиті» өтеді. 20 мемлекеттің лидерлері шақырылған жиынға АҚШ пен Мысыр
президенттері төрағалық етпек.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29