Францияда жаңа үкімет жасақталды
Францияда жаңа үкімет жасақталды. Президент Эммануэль Макрон өткен аптада
отставкаға кеткен Себастьен Лекорнюді қайта премьер-министр етіп тағайындады.
Сыртқы істер, экономика, мəдениет жəне əділет министрлері орындарында қалған.
Жаңа министрлер кабинетінің 30 мүшесінің ішінде қоғамға аса танымал емес тұлғалар
бар. Макрон жаңа үкімет мүшелерін сейсенбіде жинап, отырыс өткізеді. Францияда
саяси дағдарыстан 2 жылда 5 премьер-министр ауысқан. Американың Fitch рейтинг
агенттігі Францияның несие қабілетін А+-ке дейін төмендетті. Бұл - ел тарихындағы ең
нашар көрсеткіш. Елдің мемлекеттік қарызы ЖІӨ-нің 115 пайызын құрайды.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29